Витаминдер

Витаминдер  - бұл әрбір адамның тағамында болуы тиіс өмірлік маңызы бар заттар. «Элигита Азия» ЖШС «WILD» компаниясы шығаратын «В» тобының витаминдерін, сондай-ақ аскорбин қышқылын ұсынады. 

Аскорбин қышқылы (С витамині) - антитотықтырғыш (антиоксидант) және антитотықтырғыштардың синергисті.
Бұдан басқа,  бояуды тұрақтандырғыш, қышқылдауыш (қышқылды реттеуіш) қызметін атқарады.

Өнімдердің сақтау мерзімін бірнеше рет арттырып, шараптың, сыраның және алкогольсіз сусындардың ферментативті қышқылдануын тежейді. Мұнымен қоса, жемістерді, көкөністерді және оларды қайта өңдеу арқылы алынатын өнімдерді мұздатқан, консервілеген және өлшеп ораған кезде қараюдан қорғап, құрамындағы витаминдерді сақтайды. Антототықтырғыштың ет өнімдеріне қосылуы жиналатын нитриттер мен нитраттардың  мөлшерін үштен бірге азайтуға мүмкіндік беріп, тұрақты әрі біртегіс тұздалуын қамтамасыз етеді, консервілеу процессін тездетеді.

Түсі ақтан ашық сарыға дейін өзгеретін кристаллды ұнтақ болып табылады. 

Қолданылатын саласы: кондитерлік тағамдар, карамель, сағыз, сүт өнімдері, қойыртылған сүт, құрғақ таңғы астар, дән үлпегі,  печенье,  балық өнімдері,  қайта өңделген жеміс пен көкөніс өнімдері, мұздатылған көкөністер мен жемістер,  құрғақ картоп, көкөніс пен жеміс консервілері, шарап, шампан, сыра, алкогольсіз сусындар, шырын, минералды су, ет өнімдері, ветчина, ысталған өнімдер, сарделькалар,  өңделген ұннан жасалған тағамдар, көпіршікті таблеткалар, татымды заттар концентраттары.
Сондай-ақ
косметика мен жануарларға арналған азықтар

Доз
алануы - 0,02% дейін

Қолданылу әдісі
. Шарап, сыра, шырын және алкогольсіз сусындарды өңдеу кезінде аскорбин қышқылы соңғы дайын өнімге қосылады. Ет және шұжық өндірісінде ерітінді түрінде тартылған етке қосылады, ал балық өнімдерін дайындаған уақытта тұздық суға кіреді. Жаңа мұздатылған жемістер мен көкөністерге араластырылған ерітіндісін себу немесе өнімді концентратталған ерітіндінің ішіне салу арқылы өңдейді. Аскорбин қышқылы өнімнің ішінде толығымен ерітілу тиіс. Антитотықтырғыш өнімге неғұрлым ерте қосылған сайын, соғұрлым жоғары нәтиже күтуге болады.

Сақтау шарттары: құрғақ, салқын, жарық түспейтін жерде сақтау қажет.

B тобының  витаминдері  табиғи ортада әрдайым бірге болатындықтан, осындай жиынтықталған атқа ие болған.
В тобының витаминдері бірігіп, өзінің басты қызметін – ұлпаның тыныс алуына және энергия қуатының шығарылуына қатысады. Ойлау және эмоциялық жүктеме көп түсірілетін, созылмалы аурулармен ауратын қазіргі заманғы адамға В тобының витаминдері көп мөлшерде қажет.

В тобының витаминдері мына жағдайларда қажет: 
Иммунитет жүйесін күшейту
Тұмау және жіті вирустық аурулар

Созылмалы шаршау синдромы  
Жүйке жүйесін нығайту
Депрессия
Мазасыздық
Ұйқысыздық

Зейіннің нашарлауы және/немесе гипербелсенділік
Бас ауру (бас сақинасының ұстауы)
Бас ауру
Ұмытшақтық
Жүрек-қан тамыр жүйесін нығайту
Кардиомиопатия және іркілген жүрек жетіспеушілігі

Гепатиттер
Остеопороз
Қант диабеті
Гипогликемия
Гипотиреоз
Алкоголизм
Анемия
Семіру
Жіті фарингит
Бронхиттер мен пневмониялар
Синусит
Отит
Тері денсаулығын жақсарту
Қызғылт бездер 
Себорея дерматиті
Афтозды стоматит 
Көру қызметінің жақсаруы 

Мұнымен қоса В тобының витаминдері мына жағдайларда қажет: ойлау және дене күшіне көп түсетін жүктеме; психоэмоционалдық стресстер; созылмалы және жіті инфекциялық аурулар; екінші рет қайталанған  иммунитет тапшылығы, аллергиялық және аутоиммундық аурулар, монотерапия кезінде В тобы витаминдерінің жекелеген түрлерімен емдеу.


B тобының  витаминдерін  ағзаға жинап алу мүмкін емес, сол себепті оны күн сайын арттырып отыру қажет. Осы витаминдердің күші бәрі алкогольмен, рафинад қантпен, никотинмен және кофеинмен жойылады, сол себепті көптеген адамдардың ағзасы осы топтағы  витаминдерге тапшы болатыны таң емес.


Возврат к списку